Ол мойын тұсынан пышақ жарақатын алған.
Талдықорғанда пышақ жарақатын алған қыздың жағдайы белгілі болды
1,380
оқылды

Талдықорғандық дәрігерлер жігіті пышақ жарақатын салған қыздың жағдайы туралы айтты, – деп хабарлады  Aikyn.kz.

Жетісу облыстық Денсаулық сақтау басқармасы Адина есімді қыздың 27 қазанда соққыға жығылғанын хабарлады. Ол мойын тұсынан пышақ жарақатын алған.

«Науқас жедел жәрдем бригадасымен Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Аурухананың қабылдау бөлімінде алғашқы медициналық көмек көрсетілді, яғни мойынның кесілген жарасына, сол жақ білектің кесілген жарасына алғашқы хирургиялық зарасыздандыру жүргізілді. Науқас шок алғандықтан, ауруханаға жатудан бас тартты», – деп хабарлады басқармадан.

31 қазан күні бойжеткен мойын жарасы аймағындағы ауырсыну, бас ауруы, бетінің жансыздану сезіміне, мойынның ісінуі және жалпы әлсіздік шағымымен дәрігерлерге қайта жүгінген.

«Аурухана дәрігерлері науқасты шұғыл қабылдап, тексерді. Мойын тамырларының ультрадыбыстық доплерографиясы және мидың компьютерлік томографиясы жасалды. Медициналық тексерістерден кейін науқасқа келесі диагноздар қойылды: жарақаттан кейінгі париетальды, оң жақтағы ішкі мойын тамырының неокклюзиялық тромбозы, жабық бас миының жарақаты, мидың шайқалуы, терісінің жұмсақ тіндерінің көгеруі. Науқас шұғыл түрде хирургиялық бөлімге жатқызылды», – деп атап өтті ведомстводан.

Дәрігерлердің айтуынша, қазір науқастың жағдайы орташа, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Науқас дәрігерлердің бақылауында, емді ҚР ДСМ клиникалық хаттамасына сәйкес алып жатыр.

Бұған дейін Талдықорғанда ер адам сүйіктісінің тамағын осып жібергені туралы жазған болатынбыз.

Фото: ҚазТАГ