Бағыт Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір арқылы жүреді.
Ертең Астанада жаңа маршрут іске қосылады
3,901
оқылды

Ертең Астанада жаңа маршрут іске қосылады, деп хабарлайды Аikyn.kz.

«4 қарашадан бастап жаңа автобустарды жеткізу аясында «Үркер» тұрғын алабы – «Нұрлы жол» теміржол вокзалы қатынасымен жаңа №66 бағыт іске қосылады», - делінген елорда әкімдігінің ресми сайтындағы ақпаратта.

Осылайша елорданың оң жағалауы мен сол жағалауы арасындағы көлік қатынасын жақсартады.

Сондай-ақ, Үркер ТА мен «Нұрлы жол» теміржол вокзалы арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, Ж.Нәжімеденов, Керей-Жәнібек хандар, Қ.Мұхамедханов көшелерінде орналасқан тұрғын үй кешендеріне көліктік қызмет көрсетуді, сондай-ақ Үркер тұрғын алабы ішіндегі қоғамдық көлікпен қамтуды арттырады.

Айта кету керек, №66 бағдар қолданыстағы №№ 14, 35, 36, 45, 50, 56 бағдарларының жүктемесін азайтады.