Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығы­мен бюро отырысы өтіп, ал­дағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Қоғамдық бірлестіктерге қатысты заң қаралады
410
оқылды

Депутаттардың талқылауына бизнес жүргізу мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірін­ші оқылымда қарау ұсынылды.

Бұл заң жобасы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесін ретке келтіру, оларды жүргізудің ашықтығын арттыру, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет мүд­делерінің тепе-теңдігін қамтама­сыз ету арқылы кәсіпкерлік қыз­метті жүргізу жағдайларын жақ­сартуға бағытталған.

Сонымен қатар депутаттар қоғамдық бірлестіктер мәселе­леріне қатысты түзетулер  бойын­ша заң жобасын бірінші оқы­лымда қарайтын болады. Заң жобасы азаматтық қоғамды одан әрі да­мыту және жаңа қоғамдық бір­лестіктер құру тәртібін оңай­лату мақсатымен әзірленді.  

Алдағы жалпы отырыста Ре­сей Үкіметімен мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу сала­сындағы сауда-экономикалық ынтымақ­тастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратифи­ка­­ция­лау туралы заң жо­басын қа­рау көзделген. Сондай-ақ экс­порттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауар­лар­дың (жұ­мыстардың, көрсетілетін қыз­меттердің) экспор­тын іл­ге­рі­лету мәселелері бойынша өз­герістер мен толық­тырулар енгізу туралы заң жобасы екінші оқы­лым­­да қаралмақ. Құжат Мем­лекет басшысының Жолдауын іс­­ке асыру аясында «KazakhExport» экспорт­тық сақтандыру ком­­­па­ниясы» АҚ экспортты қар­жы­лық қолдаудың бірыңғай опе­ра­торы үшін реттеуші режимді қа­лып­тастыру мақсатымен әзір­ленді.

Палата комитеттері байла­ныс, цифрландыру және ақпарат­тандыру саласының инвестиция­лық ахуалын арттыру мәселелері туралы заң жобасын және бір­қатар ратификацияланатын ке­лісімді жұмысқа алуды жос­пар­лап отыр. Олар –  Сингапур үкі­метімен Ин­вестицияларды кө­тер­мелеу мен өзара қорғау туралы және Француз үкіметімен жаһан­дық жылынуға қарсы күрес сала­сындағы ынты­мақ­тастықты іске асыру туралы арнайы келісімдер.