Әлихан Смайылов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянның келіссөздері барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылау жоспарлануда.
Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қытайға барды
606
оқылды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына барды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әлихан Смайылов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянның келіссөздері барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Сонымен қатар Премьер-Министр Шанхайда VI Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысады және басқа елдер делегацияларының басшыларымен бірге көрмедегі ұлттық павильондармен танысады.