Жаңадан ашылған ауданның орталығы Алматы-Қонаев магистралінің бойында орналасқан G4 City қаласы болады.
Алматы маңында жаңа қала пайда болады
9,096
оқылды

Алматы облысы мәслихатының депутаттары Талғар, Іле аудандары мен Қонаев қаласының кейбір елді мекендерін жаңа ауданның пайдасына беру туралы шешімді мақұлдады. Бұл туралы Aikyn.kz 5region.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жаңадан ашылған ауданның орталығы Алматы-Қонаев магистралінің бойында орналасқан G4 City қаласы болады. Жұма күні мәслихат сессиясында "G4 City бас жоспарының жобасын мақұлдау туралы" мәселе қаралды.

Депутаттар 31 елді мекенді қала құрамына беру туралы шешімді бірауыздан бекітті. Оның ішінде Талғар ауданының 13 ауылдық елді мекені, Іле ауданының 16 және Қонаевтың екі ауылдық елді мекені бар.

Ауданның жалпы ауданы 100 мың гектардан асады (Іле ауданынан 73 416 гектар, Талғар ауданынан 33 836 гектар және Қонаев қалалық әкімшілігінен 11 345 гектар).

Журналистер мәслихаттың баспасөз қызметінен ауылдардың тізімін сұрады, бірақ олар әлі тізім бекітілмеді деп жауап берді.

"Әлеуетті жаңа аумақтың қандай санатқа ие болатыны және жоғарыда аталған ауылдардың тұрғындары үшін осындай өзгерістердің қандай пайда әкелетіні түсініксіз. Дегенмен  Алматы шекарасынан Қонаевқа дейінгі ауылдар жаңа аумақтық бірлікке бірінші болып кіреді деп болжауға болады", делінген жазбада.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа түсініктеме бере алмады. 

"Неге Алматы облысының әкімдігі мәслихатпен бірлесіп, тұрғындарды басқа аумақтық бірлікке көшіру сияқты маңызды мәселені өздері шешіп жатыр? Бұл ретте әкімдік те, мәслихат та сессияға дейін көпшілік үшін маңызды шешім туралы сөз қозғамады", деп сұрақ қойды басылым.