Петропавлда 21 жастағы жігіт 15 тәулікке қамалуы мүмкін.
Көбік қаптаған көлік: петропавлдық жүргізуші жауапқа тартылды
1,324
оқылды

Ол қала көшелерінде толық монтаждық көбік жағылған көлікпен жүрген,-  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әлеуметтік желіде Петропавл көшелерінде толықтай монтаждық көбікпен қапталған көліктің жүйткіп жүрген бейнежазбасы тарады. Видеодан көлікке көбіктің тұтас құйылғанын көруге болады, тек жүргізушіге жолды көру үшін кішкене саңылау жасалған. Бұзақыны полицейлер алысқа ұзатпай ұстады. 

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сыртына монтаждық көбік жағылған және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері көрінбеген ВАЗ 21063 автомашинасын жүргізу фактісі бойынша патрульдік полиция батальонының қызметкерлері СҚО-ның 21 жастағы тұрғынын жедел анықтап, ұстады. 

«Жолда жүру қағидаларын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 602-бабы 1-бөлігі, 590-бабы 2 және 10-бөліктері, 620-бабы бойынша материалдар жиналды. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі «Ұсақ бұзақылық» бойынша хаттама толтырылды, материалдар процестік шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі. Бұл баптың санкциясына сәйкес 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу көзделген», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.