Елімізде пәтер бағасы бір қалыпты болып тұр.
Елімізде пәтер бағасы қаншадан болып жатыр?
1,199
оқылды

Еліміздегі екінші нарықта баспана бағасы бірқалыпты. Қазан айында бір шаршы метр үшін 369 мың теңге сұралды, бұл қыркүйектегі нәтижеге ұқсас, – деп хабарлайды Aikyn.k Krisha.kz-ке сілтеме жасап.

Krisha.kz-тің аналитика қызметі берген мәлімет бойынша соңғы екі айда пәтер бағасында өзгеріс байқалмады. Ал қаңтар мен наурыз арасында сәл қымбаттағанмен, сәуір мен тамыз аралығында баға қайта түскен. Ал күзде мүлде тоқтап қалды.

Талдау нәтижелеріне сәйкес, Астана, Алматы және Шымкентті қоса алғанда 11 қалада кері динамика тіркелді.

Баспана қымбат тұратын 5 қала:

Алматы — 707.8 мың;

Астана — 473.2 мың;

Шымкент — 419.4 мың;

Атырау — 386.9 мың;

Өскемен — 380 мың.

Баспана арзан тұратын 5 қала

Қызылорда — 236.7 мың;

Ақтөбе — 286.6 мың;

Тараз — 301.6 мың;

Талдықорған — 304.1 мың;

Көкшетау — 305.5 мың.