Өрт сөндіруге жеке құрамның 17 адамы және Астана ТЖД арнайы техникасының 4 бірлігі жұмылдырылды.
Астанада тұрғын үйден өрт шықты
620
оқылды

4 қараша күні сағат 11:34-те «Әйгерім» тұрғын үйкешеніндегі пәтерлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өрт Алматы ауданында Қ.Сәтпаев көшесі, 29/1 мекенжайында орналасқан «Әйгерім» тұрғын үй кешенінің 24-қабатындағы пәтерлердің бірінде болды, - делінген ТЖД таратқан ақпарата.

Үйдің барлық тұрғындары эвакуацияланды, өрттен зардап шеккендер жоқ. Тұрғындардан үрейге бой алдырмауын және сабыр сақтауын сұраймыз.