Белгілі болғанындай, өрт әуежай ішінде орналасқан Fast food дайындайтын орында картоп қуыратын ыдыстан шыққан, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Салдарынан ғимараттың ішін лезде түтін басқан. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Әуежай қызметкерлері мен жолаушылар өз күшімен қауіпсіз жерге эвакуацияланып үлгерген. Өрт сөндірушілер қырағылығының арқасында стратегиялық нысанның толықтай жанып кетуіне жол бермеді.
Баян Жанұзақова