Соңғы мәліметтерге қарағанда, қазіргі уақытта 110 адам қызылша ауруынан ем алып жатыр.
Атырауда 2-5 жас аралығындағы балаларға қызылшаға қарсы вакцина салынады
637
оқылды

Сонымен бірге, облысқа қызылшаға қарсы 37 мың доза вакцина әкелінеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Осыған байланысты, облыста 2-5 жас аралығындағы балаларға қызылшаға қарсы вакцина салынады.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің телеграм каналында жазған ақпаратына қарағанда, бұл вирусты ауру әсіресе, балабақша балаларының арасында кеңінен тарап жатыр. 

Сондықтан барлық деңгейдегі емханалар арнайы жұмыс тобын құрып, 2-5 жас аралығындағы балалар және 18 жасқа дейінгі азаматтар арасында қызылшаға қарсы вакцина салу жұмыстарын ұйымдастырады.

Қазіргі уақытта облыста қызылша ауруына қатысты эпидахуал күрделеніп тұр.

Жыл басынан бері Атырауда қызылшаны 1400 адам жұқтырған. 

Қауіпті инфекцияның таралуы бойынша республикада Атырау облысы Шымкенттен кейін екінші орында тұр.

Баян Жанұзақова