Келесі жылғы маусымда футболдан Қазақстанның намысын Еурокубокте қорғайтын командалар анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Шымкенттік "Ордабасы" клубы Еуропа чемпиондар лигасының 1 іріктеу кезеңінен өз ойындарын өткізуді бастайды. Ал қостанайлық "Тобыл" Еуропа лигасының 1 іріктеу кезеңінде алғашқы матчтарға қатысады. "Астана" Конференция лигасының 2 іріктеу кезеңіне жолда алып отыр. "Ақтөбе" конференция Лигасының 1 іріктеу кезеңінен бастап өз мүмкіндігін сынамақ.
ҚПЛ осы маусым қорытындысы бойынша 4-орын алған “Қайрат” екінші жыл қатарынан Еурокубоктан тыс қалып отыр.