Астанада зейнеткерді тонап кетті.
Зират басында зейнеткердің телефонын ұрлап кетті
732
оқылды

Зират басында зейнеткердің телефоны ұрланды. 70 жастағы әйел полицияға арызданды. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Әйелдің айтуынша, түскі уақытта туыстарының қабірін тазалап жатқанда ұялы телефонын жоғалтып алған. 

Егде жастағы әйел қоқыс шығаруға кеткен. Бірақ қабірге оралғанда гаджеттің жоқ болғанын байқаған. Қарт ана сөйтіп, қабырғаға іліп қойған күртешесінің қалтасында қалдырған телефонын  күндіз таппай қалған. Сарыарқа аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру нәтижесінде бұрын сотты болған 34 жастағы ер адамды ұрлық қылмысына күдікті деп құрықтады. 

Күдікті зират ішімен өтіп бара жатып, оңтайлы сәтті пайдаланып, ұрлыққа барғаны белгілі болған. Аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ер адам телефонды сатып жіберген. Полицейлер жәбірленушіге телефонын тауып, қайтарып берді.

Фото: smartnews.kz