AMT өз клиенттері үшін сенімді серіктес мәртебесін сақтап қалуды жалғастырады және болашақта да соған ұмтылады.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі "АрселорМиттал Теміртауға" қатысты мәлімдеме жасады
871
оқылды

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының Үкіметке өтуіне қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ведомствода атап өткендей, ҚР Үкімет компанияның барлық келісімін орындауға қатысты барлық жауапкершілікті қабылдап алды.

«2023 жылдың 28 қазаны, яғни сенбі күні таңертең «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының (АМТ) Костенко атындағы көмір кенішінде 46 кеншінің қаза болуына әкеп соқтырған қайғылы апат болғаны белгілі. Қаза болған шахтерлердің отбасыларына қолдау көрсету шаралары жүргізілуде, оқиғаның себебін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Өнеркәсіп министрлігі атап өткендей, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының меншігін Қазақстан Үкіметіне беру туралы келіссөздер бірнеше ай бойы жалғасуда және жақында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ArcelorMittal компаниясы кәсіпорынның және оның еншілес компанияларының болат және тау-кен жұмыстарының болашақтағы бағыты туралы алдын ала келісімге келді.

«ArcelorMittal Temirtau ішкі және аймақтық нарықтардағы ең маңызды болат жеткізушілердің бірі саналады. Осы жылдар ішінде компания өзін барлық таңдалған нарықтағы болат тұтынушылары үшін стратегиялық серіктес ретінде көрсете білді. Сондықтан AMT компаниясының қызметі тиімді жоспарлаумен және оның мүдделі тараптарына қолайсыздық болдырмауға күш салатын барлық шара қабылданатын болады», – делінген хабарламада.

Компания барлық мүдделі тарапты, әсіресе оның клиенттерін, мердігерлерін, жеткізушілерін ArcelorMittal Temirtau компаниясына (оның ішінде Теміртаудағы металлургиялық зауыт, көмір бөлімшесі, «Өркен», еншілес компаниялар, оның ішінде Ақтаудағы құбыр зауыты және ТМД елдеріндегі өкілдіктер) қатысты барлық құқықтар мен міндеттер сақталатынына сендірді. 

ҚР Үкіметі мен АМТ компанияның барлық құқығы мен міндеттерін, соның ішінде тапсырыс берушілермен жеткізу шарттарын, тауарлар мен қызметтерді қабылдауды, оның ішінде жеткізушілерден мердігер қызметтерін, қызметкерлер алдындағы міндеттемелерді және т.б. сақталуына қатысты бизнестің толық жалғасуын қамтамасыз етеді.

Тапсырысты брондау, келісімшарт жасау, жөнелту, шот-фактура және жеткізуші келісімшарттарды қоса алғанда, AMT бизнес-процестері әдеттегідей жұмыс істейді.

«AMT өз клиенттері үшін сенімді серіктес мәртебесін сақтап қалуды жалғастырады және болашақта да соған ұмтылады», – деді министрліктен.

Фото: inbusiness.kz