Жукова Зинаида Петровна жүз жасқа таяған шағында 4 қараша күні дүниеден озды.
Дінмұхаммед Қонаевтың жеке хатшысы Зинаида Жукова 100 жасқа таяған шағында қайтыс болды
4,562
оқылды

Дінмұхаммед Қонаевтың хатшысы Зинаида Жукова қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Қонаев музейінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

«Д.А.Қонаев музейі ұжымы Дінмұхаммед Ахметұлының 1964-1986 жылдар аралығында жеке хатшысы болған Жукова Зинаида Петровнаның (26.03.1924-04.11.2023) жүз жасқа таяған шағында 4 қараша күні дүниеден озғаны жайында қайғыра хабарлайды. Туыс-туғандарына қаймыға көңіл айтамыз», – делінген хабарламада.

Фото: instagram.com/museumkunaev