Мерт болған азаматтың отбасылық қарым-қатынастарда жеке проблемалары болған
Жүрегіне қайшы тыққан: Алматы облысында полиция қызметкері суицид жасады
1,051
оқылды

Алматы облысында полиция қызметкері өз-өзіне қол салған. Бұл туралы аймақтық полиция департаменті мәлімдеді, дем хабарлайды Aikyn.kz.

Ақпаратқа сәйкес, Балқаш ауданында пәтерлердің бірінде 31 жастағы полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл факт Қылмыстық кодекстің "Суицидке жеткізу" бабы бойынша дереу тіркелді.

Мерт болған азаматтың отбасылық қарым-қатынастарда жеке проблемалары болған. Бұл қылмыстық істі тергеу аясында да тексеріледі, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, полиция өзінің жүрегіне қайшы тыққан делінеді.

Қазір құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайларын толық тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық тексерулер тағайындап, қажетті тергеу амалдарын жүргізуде. Облыстық полиция бастығы тергеу барысын жеке бақылауға алды.