Түркістан облысында наурыз айынан бүгінгі күнге дейін қызылшаға күдікті 984 жағдай тіркелген. Оның 360-ның диаг­нозы зертханалық және клиникалық түрде рас­талып отыр.
Қызылша жұқтырғандар көбейді
513
оқылды

Түркістан облысы Санитариялық-эпидемио­логия­лық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесовтің айтуынша, қазір өңірде инфекцияның жоғары тіркелуі жалғасып жа­тыр. Әсіресе, балабақшалар мен мектептерде аталған дертті жұқтырып жатқандар көп.

«Науқастардың барлығында дерлік инфекция ЖРВИ симптомдарымен, яғни дене температурасы 39-40С дейін жоғарылауы, құрғақ жөтел, көздерінің жасаурауы, ісінуі, жалпы әлсіздік, тәбетінің жоқ болу белгілерімен басталған. Науқастардың бас және бет бөліктеріне, денелеріне дақты-папулезді бөртпелер шығуда», – деді Бахтыораз Елемесов.

Мамандардың айтуынша, өңірде қызылша жұқ­тырғандардың 88 пайызын 14 жасқа дейінгі балалар құраған. Әсіресе, араларында 4 жасқа дейінгі бүлдір­шін көп. Осыған байланысты облыс аумағында қызылша аурушаңдығының алдын алу, эпидеми­ология­­лық жағ­дайды бұдан әрі тұрақтандыру мақ­сатында өңір­дің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитар­лық-профилактикалық қызылшаға қарсы іс-ша­ралар туралы» қаулысы шықты. Қаулы бойын­ша қызылшаға қарсы егу мәрте­бесіне қарамастан, 6 ай­дан бастап 10 ай 29 күнге дейін­гі, 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі бала­ларға қосымша жап­пай иммундау жүргізіледі.