"Қазгидромет" синоптиктері 7 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Еліміздің басым бөлігінде антициклон әсерінен күн ашық болып, жауын-шашын жаумайды.
Тек еліміздің батысы мен оңтүстіктің таулы аудандарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, жел күшейеді.
Қазақстан бойынша тұман түседі.