Депутат ветеринария қызметінде олқылық көп екенін айтты.
Ветеринария саласына түбегейлі өзгеріс енгізу қажет – Мәжіліс депутаты
736
оқылды

Кейінгі уақытта өңірлерде бруцеллез бен аусыл жұқпалы аурулары жиі тіркеліп жатыр. Бұл ет экспортының төмендеуіне әкеп соғады. Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетов комитеттің көшпелі отырысында осылай деді. Ол ветеринария қызметінде олқылық көптігін айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz Аstana.tv-ге сілтеме жасап.

Жиынға бір топ депутаттар мен министрлік өкілдері қатысты. Олар елордадағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіне барып, саладағы сан түрлі мәселелер бойынша сөз қозғады.

Ветеринарлық қызмет басынан  министрліктен бастап аяғына дейін соған үлкен өзгерістер енгізуіміз керек. Электронды платформа өте нашар жұмыс істеп жатыр. Содан кейін мынау вакциналар бойынша өте көп мәселелер көтеріліп жатыр. Кейбір вакциналар жұмыс істемейді. Шетелден көп вакцина  сатып аламыз. Өзіміздегі шығарған вакциналарды неге пайдаланбаймыз. Сондай сұрақтар туғызып отыр,  деді "AMANAT" фракциясының мүшесі.