101 салымшыдан тартылған қаражаттың жалпы сомасы 168,5 млн теңгені құрады.
Астанада  Chia Tai Tianqing Pharmaceutical  қаржы пирамидасының басшысы ұсталды
666
оқылды

Астанадағы  Chia Tai Tianqing Pharmaceutical  ЖШС құрылымдық бөлімшесінің басшылығына қатысты тағы бір сотқа дейінгі тергеуді ҚМА елордалық департаментінің қызметкерлері аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Компания өзін Қытайда фармацевтикалық препараттар мен медициналық жабдықтарды өндіру және экспорттаумен айналысады деп көрсеткен.

Салымшыларға ақшаны көптеген жобалар бойынша табыстылығы жоғары қызметке инвестициялау ұсынылды.

Тергеу барысында құрылымдық бөлімшенің басшысына қатысты «қамау» бұлтартпау шарасы таңдалды.

101 салымшыдан тартылған қаражаттың жалпы сомасы 168,5 млн теңгені құрады.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы  талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабы  3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Фото: sputnik.kz