Қарағанды облысында із-түзсіз жоғалып кеткендер санатында болған азаматтың өліміне қатысты күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы Осакаров аудандық полиция бөліміне 49 жастағы азамат арызданып, өзімен бірге тұратын 47 жастағы азаматтың із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлаған.
Азамат 24 қазан күні үйінен шығып, осы уақытқа дейін оның қайда екені белгісіз болған.
"6 қараша күні полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру шаралары барысында аудан тұрғыны анықталып, оның үйіне жапсарлас құрылысты тексеру барысында жоғалып кеткен азаматтың дене жарақаттары бар мәйіті табылды. Оқиға орнынан тергеу кезінде қажетті дәлелдемелер алынды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына (Адам өлтіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – дейді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.
Фото: polisia.kz