Барлығы 237 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылды.
"Екі айдан аз уақыт қалды": ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады
1,177
оқылды

Шетелдік автокөліктерді заңдастырудың аяқталуына екі айдан аз уақыт қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Ішкі істер министрлігі биылғы жылдың 23 қаңтарынан 30 маусымына дейін елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдер қабылдады.

Елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көлік құралдары заңдастыруға жатпайды.

Барлығы 237 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылды.

«Бірреттік заңдастыруды ескере отырып, автокөлік иелеріне 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін заңдастыруға берілген өтінімдер биыл 31 желтоқсанға дейін ғана қаралатынын хабарлаймыз. Бүгінгі күні нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілуде. Яғни, шетелдік автокөліктерді заңдастыруға екі айдан аз уақыт қалды. Уақыттың шектеулі екенін ескере отырып, біз автокөлік иелерін заңдастыру процесін аяқтауға және көлік құралдарын тіркеуге шақырамыз», – деді ҚР ІІМ ӘПК басқарма бастығының орынбасары Алтынбек Жамалиев.