Абай облысы прокуратурасы «Семей орманы» аумағында болған өрт қолдан қойылған деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Уәкілетті орган "Семей орманы" МОТР" РММ Семей филиалының Краснокордон орманшылығы аумағында рейдтік шаралар барысында өртеу үшін әзірленген ағаштарды тапқан.
«Мәселен, 28.10.2023 жылы №№ 172 және 175 кварталдарында "Қарағай" тұқымдас ағаштардың астында 3 дана "Шатыр" тәрізді құрылыс дайындамалары және бірнеше дана дөңгелектен құрсым орнатылған, осындай факт 05.11.2023 жылы №1 кварталда табылды, олар сол жерде дереу бөлшектелінді», – делінген хабарламада.
Ормандардағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі уәкілетті органдардың тұрақты бақылауында.
Қазір Семей қаласының Полиция басқармасы анықтаған дайындамалар фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Қылмыстық істі тергеуді Абай облысының прокуратурасы бақылауға алды.
Фото: t.me/kozachkow