"Қазгидромет" 8 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен күн ашық болады, жауын-шашын жаумайды.
Еліміздің батысында және оңтүстігінде циклон мен атмосфералық фронттарға байланысты жаңбыр жауады.
Республиканың солтүстік-батысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауып, жел күшейеді.
Қазақстан бойынша тұман түседі, еліміздің оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады.
Фото: alataunews.kz