Қайғылы оқиға 7 қараша күні болған.
Павлодар облысында жол апаты салдарынан жаяу жүргінші мерт болды
729
оқылды

Павлодар облысында тасжолдағы апат салдарынан жаяу жүргінші көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

7 қараша сағат 19:00 кезінде Омбы-Майқапшағай автожолының 340 шақырымында Скания автокөлігінің жүргізушісі жол бөлігін белгіленбеген жерден өткен 55 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

«Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Полиция тексеру жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Автокөлік айып тұрағына қойылды», – деді ІІМ баспасөз қызметінен.