Мәжіліс депутаты Қазақстанның Еңбек Ері, депутат, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетов Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады.
Мұнай-газ саласында электр қуаты жетіспейді – Бақтықожа Ізмұхамбетов
914
оқылды

Депутаттың айтуынша, мұнай-газ саласындағы электр қуатының жетіспеушілігін реттеу қажет. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жер қазба байлықтарын пайдалануда өте тиімді процестерді үйлестіруіміз керек. Осы ретте, ілеспе мұнай газдарын тиімді пайдалану, әрі оны сапалы тәсілмен қолдану аса маңызды.

Бұл өз кезегінде, мұнай-газ саласындағы электр қуатының жетіспеушілігін реттеу үшін өте қажет әрі уақыт күттірмейтін шешім. 

Осы орайда, технологияның озық тұстарын пайдалана алатын компаниялардың тәжірибесіне сүйену қажет.

Сондықтан, мұнай-газ саласындағы қиындықтан құтылу үшін, алдағы міндеттемелерді орындай алатын, ұзақ жылдар бойы өңірде қызмет жасаған компаниялардың тәжірибесін ескеруіміз керек.

Оған қоса, кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында, сондай-ақ елдегі маңызды мәселелерге олардың атсалысуын қамтамасыз ете білген дұрыс. Көптеген компания еліміздің қазба байлықтарымен табысты еңбек етуде.

Әділетті Қазақстан концепциясына сай, әрбір компания әлеуметтік жауапкершілік аясында елдің дамуына үлес қосуды ұмытпауы тиіс.

Бұл ретте 30 жылдан астам «Октябрьское» кен орнын табысты игеріп келе жатқан «Светланд Ойл» ЖШС – тәжірибесі мен мүмкіндігі үлкен ұжым. Әлеуметтік тұрғыдан жауапты жер қойнауын пайдаланушы ретінде кәсіпорын өңірдің дамуына елеулі үлес қосып, келісімшарттық міндеттемелерді уақытылы және толық көлемде іске асырып, компания қызметкерлерін тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп келеді.

Компания «AMF Group» акционерлік қоғамы құрамында 11 газ турбиналық қондырғысы бар, қуаты 168 МВт «Жаңажол» газ турбиналық станциясында электр энергиясын өндіруде.  

Осы айтылғандарды ескеріп, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» жеке шаруашылық серіктестігі үшін электр энергиясын өндіру және өткізу жөніндегі әлеуетті инвесторлар тізбесіне «Светланд Ойл» жеке шаруашылық серіктестігін де енгізу керек. 

Фото: parlam.kz