«AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері толық емес отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесін көтерді.
Бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы мерзімін 3 жылға дейін ұзарту қажет – Мәжіліс депутаты
1,097
оқылды

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, депутат Қайрат Балабиев толық емес отбасылар, жалғызбасты ана және жалғызбасты әкелердің әлеуметтік қорғалуына қатысты мәселені көтерді. Осы ретте Мәжіліс депутаты бірнеше ұсынысын білдіріп, Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға сауал жолдады.

Депутат, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Отбасы мәселесіне үнемі қолдау танытып, басымдық беретіндігін атап өтті.

«AMANAT» партиясы толық емес отбасылардың, асыраушысынан айырылған отбасылардың және жалғызбасты аналардың, жалғызбасты әкелердің әлеуметтік жағдайын қолдау, ол отбасыларындағы балалардың қалыптасып, дамуы туралы жүйелі шараларды жүзеге асыруға байланысты келесі ұсыныстарды енгізеді.

1. Қазақстандағы барлық әйел мен жалғызбасты әкелерге бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы мерзімін 3 жылға дейін ұзартуды ұсынамыз. 

2. Жұмыссыз жалғызбасты аналар және жалғызбасты әкелердің бала күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшерін заңда бекітілген күнкөріс минимумына теңестіруді сұраймыз.

3. Жалғызбасты аналар және жалғызбасты әкелердің балаларына мемлекеттік балабақшадан орын алу үшін кезекте басымдық беруді, мектептерде спорт секцияларына және шығармашылық үйрмелерге тегін қатысуын қамтамасыз етуді, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарға кәсіби бағдар жұмысының бағдарламасын қабылдап, грант негізінде білім алып, еңбекке араласуын қарастыратын бағдарлама қабылдауды сұраймыз», – деп нақтылады депутат.