Жамбыл облысы Байзақ ауданы Н.Киікбаев атындағы орта мектепте оқитын Байзақ ауданының орталық ауруханасына жатқызылған науқастардың жағдайы белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Аталған мәселе бойынша облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, тексеруден кейін 11 оқушы үйіне қайтарылды, 2 мұғалім мен 33 оқушы медициналық көмек алып жатыр.
Ведомство балалардың жағдайы қалыпты екенін жеткізді.
«Бұл факті бойынша Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінен тұратын арнайы жедел штаб құрылды», – деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, мектепте тамақпен қамтуға жауапты ЖК «Тоқсейітовтің» жұмысы мән-жайлар нақтыланғанға дейін тоқтатылды. Мектеп оқшауланған, бактериологиялық зерттеу шаралары жүргізіліп жатыр.