«Қазгидромет» РМК 9-11 қарашаға ауа райы болжамын жариялады,– деп хабарлайды Aikyn.kz.
Барикалық алқаптардың тез өзгеруіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш тәулікте ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады, қатты жаңбыр 9 қарашада оңтүстікте, 10 қарашада батыста, қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) 9-10 қарашада оңтүстік-шығыста, 11 қарашада еліміздің шығысында болады деп күтілуде.
Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман күтіледі.
Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында көктайғақ күтіледі.
Кезеңнің соңына қарай Қазақстанның оңтүстік-шығысында түнгі сағаттарда ауа температурасы түнде 2 аяз – 3 жылыға дейін, таулы аудандарда 5-10 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.
Фото: Tengrinews.kz