Президент Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Шаймардановты қабылдады.
Ұлттық статистиканы реформалау маңызды
724
оқылды

Мемлекет басшысына Қазақстан экономика­сындағы құрылымдық және институционалдық ре­формалардың жүзеге асырылуына жасалған сарап­тама жұмыстары таныстырылды.

Бұдан бөлек, Президентке ұлттық статистиканы реформалау жөніндегі бағдарламаның іске асырылу барысы және Ұлттық статистика бюросын цифрлық ведомствоға айналдыру жөніндегі тапсырмасының орындалуы туралы мәлімет берілді.

Агенттік төрағасы мемлекеттік статистика және деректерді басқару мәселелері бойынша заң жобасы әзірленгенін баяндады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев әлеу­меттік-экономикалық реформаларды сапалы әзірлеу маңызды екенін атап өтіп, осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.