Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
8 қараша күні сағат 21.00-де Астана – Павлодар автожолында Lada көлігінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, өз көлігін жөндеп жатқан КамАЗ көлігінің жүргізушісін қағып кеткен. Осыдан кейін Lada автокөлігі КамАЗ көлігінің артқы жағынан соққан.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан КамАЗ жүргізушісі мен Lada көлігінің жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Жеңіл автокөліктің кәмелетке толмаған жолаушысы жарақат алып ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, тиісті сараптама тағайындалды. Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды.