Ер адам алдымен әйелді металл затпен ұрып өлтіріп, кейін аяусыз зорлаған.
«Ұрып өлтіріп, аяусыз зорлаған»: Қостанай облысында ер адам 10 жылға сотталды
965
оқылды

Қостанай облысы Федоров ауданының тұрғыны әйелді зорлап, ұрып өлтіргені үшін 10 жылға сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарна мәліметінше, ұрыстың соңы қайғылы жағдаймен аяқталған. Ер адам алдымен әйелді металл затпен ұрып өлтіріп, кейін аяусыз зорлаған. Арам ойын жүзеге асырған соң алаңсыз ұйықтап қалған. Таңертең танысына хабарласып, болған оқиғаны айтқан.

«Федоров аудандық сотының үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Жәбірленуші тараптың 3 миллион теңге көлеміндегі моральдық шығын өндіру туралы азаматтық талап-арызы толығымен қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді»,  дейді облыстық соттың баспасөз қызметінің бас маманы Ләззат Байғожина.

Фото: Polisia.kz