Ақтөбелік құтқарушылар биіктен секірмек болған 40 жастағы ер адамды құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
9 қарашада құтқарушылар дереу шақырту орнына келіп жетті. Ер адам үйдің шатырынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған.
Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Рустам Бикбаев пен бөлімше командирі Нұрболат Әжіғұлов 40 жастағы ер адамды сөзге тартып, оны бұл қадамнан бас тартуға көндірді.