Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев ұсталды. Оны облыстық прокуратура қызметкерлері жер қатынастары саласына қатысты алаяқтық жасады деген күдікпен қамауға алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта экс-әкім уақытша ұстау изоляторында отыр.
Еске сала кетсек, 2020-2022 жылдары Атырау қаласын басқарған Қайрат Оразбаев Қаңтар оқиғасынан соң қызметінен кеткен болатын.
Баян Жанұзақова