Ішкі істер министрінің орынбасары ақпаратты растады.
ІІМ Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады
927
оқылды

ІІМ орынбасары Сәкен Сәрсенов Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Кешегі қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды ма? Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың аты аталып жатыр. Қоғамдық орында кісі өліміне қалай жол берілген?», – деп сұрады журналист.

Министрдің орынбасары сұраққа қысқа жауап қайырды.

«Ол ұсталды, қазір тергеу шаралары өтіп жатыр. Қалғанына пікір білдіре алмаймын. Жұмыс аясында сіздерге қосымша мәлімет беріледі», – деді.

БАҚ өкілдері өлімге жол берген мейрамхана қызметкерлерінің жауапкершілігі туралы сұрады.

«Қазір осы іспен тергеу департаментінің қызметкерлері айналысып жатыр. Менің ойымша, кейін олар хабарын береді», – деді Сәкен Сәрсенов.