Қызылша жұқтырған 29 баланың жағдайы ауыр, олар жансақтау бөлімінде жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
“Күн сайын 300-ден астам бала ауруханадан үйіне шығарылып, 400-ге жуық жеткіншек түсіп жатыр. Ал балаларға бекітілген 2911 төсек орны бар. Мұның ішінде 139 реанимациялық төсек әзірленген. Қазір ол төсектердің пайдаланылуы – 52 пайыз. Қазіргі кезде 29 бала реанимацияда жатыр. Оның 11-і бір жасқа дейінгі нәрестелер, 13-і үш жасқа дейінгі балалар», – деп түсіндірді маман.
Оның айтуынша, 29 баланың жағдайы орташа деп белгіленген.