ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева жауап берді,- деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қызылша вакцинамен басқарылатын ауру болғандықтан, адамдардың басым көпшілігі вакцина алған. Сол себепті карантинге жабылмайды,- деп жауап берді Әзімова ОКҚ-да.
"2023 жылдың басынан бастап республикамызда қызылшаның 13 103 жағдайы тіркелді, оның ішінде 83% - 14 жасқа дейінгі балалар арасында, 2,9% - жасөспірімдер, 14,1% (1854) - ересектер. Қызылшаны жұқтыру жағдайлары барлық өңірде тіркелді. Шымкентте жоғары деңгей байқалды - 2 283, Алматы қаласында - 2 217 жағдай, Жамбыл - 1 605 жағдай, Алматы – 1215 жағдай және Атырау облыстары 940 жағдай", - деді Нұршай Әзімбаева.