Кешеден бастап Қазақ­стан мен Қытай Халық Рес­пуб­ликасы арасында виза­сыз режим қолданысқа ен­гізілді. Көлік министрлігінің мәлімдеуінше, жолаушылар тарапынан туындап отырған сұранысты қанағаттандыру мақсатында екі ел арасын­дағы рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Қытаймен арадағы әуерейстері көбейеді
699
оқылды

Осылайша, Air Astana әуе­компаниясы жолаушылар ағыны­ның артуына байланысты бірне­ше бағыт бойынша рейстер са­нын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, Алматы – Пекин бағы­тын­да аптасына 6 рейстен 7 рейске дейін; Астана  – Пекин ба­­ғыты бойынша аптасына 1 ре­йс­­тен 3 рейске дейін; Алматы –Үрім­­ші бағытында аптасына 2 рейс­тен 7 рейске дейін ұлғай­­тыла­ды.

Сонымен бірге келесі жылы  Air Astana әуекомпаниясы Шан­хай, Гуанчжоу және Чэнду қала­ларына жаңа бағыттар ашуды жос­­­парлап отыр. Бұдан басқа қы­­­тай­лық Air Logistics жүк әуе­ком­паниясы қараша айынан бас­тап Алматы – Сиань бағыты бо­йынша жүк тасымалына арнал­ған тұрақты рейстерді іске қосуды көздеп отыр.

Осы ретте бүгінде Қазақстан мен Қытай арасында аптасына 27 рейс орындалатынын айта кеткен орынды. Оның ішінде «Алматы – Бейжің» бағытында (Air Astana) – аптасына 6 рейс; «Аста­на – Бейжің» (Air Astana) – 1 рейс; «Астана – Үрімші» (Fly Arystan) – 2 рейс, China Southern Airlines – 2 рейс; «Алматы –Үрім­ші» (Air Astana) – 2 рейс, China Southern Airlines – 7 рейс; «Алматы –Сиань» (China Southern Airlines) – 2 рейс; «Астана –Сиань – Пекин» (Air China) – 2 рейс; «Алматы – Ханчжоу» (Loong Airlines) – 3 рейс.

Жалпы, Қазақстан мен Қы­тай­­дың авиациялық билік өкіл­дері­нің арасындағы келісімге сәй­кес екі елдің әуекомпания­ларына ап­та­сына 84 рейс орын­дауға рұқсат етілген.