Мамандардың дерегінше, елімізде әр алтыншы отбасы бедеуліктен зардап шегеді. Қазір экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКО) тәсіліне жүгінетіндер көп.
2021 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен республикамызда «Аңсаған сәби» бағдарламасы қабылданған болатын. Үш жылдың ішінде 10 мыңнан аса бала дүниеге келді. Енді игілігі мол жоба тағы 7 жылға созылса, 49 мың ата-ананың сәбилі болуы ықтимал.
«Ер адамдар арасында тіркелген бедеулік көрсеткіші шамамен 30-35%-ды құрайды. Әйел адамдарда да солай, 30-35% бедеулік кездеседі. Әйел адамның да, ер адамның да бедеулігі бір жұпта кездесіп жатады», – дейді жекеменшік клиниканың директоры Марат Отарбаев.