Байқоңырда 5 қазақстандық және 7 ресейлік мектеп бар.
Байқоңырдағы ресейлік мектептерде қазақ тілі қосымша пән ретінде оқытылады
1,238
оқылды

Байқоңырдағы ресейлік мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Қазақстан тарихы» пәндері енді «қосымша пән» ретінде оқытылады. Бұл бастама оқушылар мен ата-аналардың қалауымен  жүзеге асырылмақ, – деп хабарлайды Aikyn.kz  QyzylordaTV-ға сілтеме жасап.

 

Бүгінде Байқоңырда 5 қазақстандық және 7 ресейлік мектеп бар. Ресейлік стандарттармен оқытылатын мектептерде Қазақстан азаматтарының 2 мыңға жуық баласы білім алып жатыр. Олар енді «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Қазақстан тарихын» қосымша пән ретінде таңдап, аптасына 1 рет зейінін арттырмақ. Қазір жұлдызды қалашықтағы Янгель атындағы нөмірі 7 мектепте 55 оқушы аталған пәндерді қосымша сабақ ретінде таңдап оқып жатыр.

«2022 жылғы Мәскеуде өткен «Байқоңыр» кешені бойынша Ресей-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының 8-отырысының қорытындысы бойынша, «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Қазақстан тарихы» Байқоңыр қаласындағы орыс мектептерінде оқыту мәселесін бірлесіп зерделеу туралы шешім қабылданды. Сонымен, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің қазақстандық тараппен кездесулерінде бұл пәндерді тек оқушылар мен ата-аналардың қалауы бойынша сабақтан тыс өткізу бағдарламасы енгізілді. Қазір Янгель атындағы 7 мектепте оқушылар мен ата-аналардың өтінішін қабылдай отырып 5, 6, 8,  9-сыныптарда  тілі мен әдебиеті» және «Қазақстан тарихы» пәндерін сыныптан тыс оқыту жұмыстары ұйымдастырылуда», - деді Байқоңыр қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Георгий Глазунов.

Фото: informburo.kz