Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты бейнекамера хроникасын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Онда 9 қараша күні алдымен күдіктінің ағасына телефон соғып, тезірек мейрамханаға келуін өтінгені айтылған.
Сағат 9.30 мейрамханаға келген ағасы бірінші VIP кабинада жарық жанып тұрғанын көреді.
"Есікті қақтым, бірақ Бишімбаев көрпе алып келуімді өтініп, ішке кіргізбеді. Мен айтқанын істедім, киім ауыстыратын бөлмеге барып, екі көрпе алып, vip бөлмеге келдім. Сол жерде қимылсыз жатқан Салтанатты көрдім, ол қатты қорылдап жатты, ұйықтап жатыр деп ойладым. Содан кейін мен кіреберісте еденде қан іздерін байқадым", – деген ағасы.
Бишімбаев әйелді өзі әкелген екі көрпемен жауып тастаған.
"13:00 Бишімбаев телефон соғып, темекі, аспирин, кетонал әкелуді бұйырады. Заттарды алған ол мейрамханадан бүкіл қызметкерлерді босатуды бұйырды. Ағасы бұйрықты орындап, кеңсеге қайтады.
13: 30 Бишімбаев Гастроцентрдегі барлық бейнебақылауларды өшіруді бұйырады.
13:45-те бейненің жойылғанына көз жеткізу үшін ағасы басқару бөлмесіне түскен.
14:00 Бишімбаев тағы шақырады. Бөлмеге кіргенде Нүкенованың әлі диванда жатқанын көрді, бірақ жақындамады. Қуандық одан әйелінің айфонын тауып беруін өтінді. Олар бірге іздеп, мейрамханадан таба алмады. Бишімбаев көліктің салонынан қарауды сұрады, телефон сол жерде панельде жатқан", – делінген жазбада.
“Мына телефонды Нүкенованың үйіне апарыңыз, бірақ жолда Фитнес сарайына тоқтап, 10-15 минут сонда болыңыз, өйткені ағасы телефонды геолокация арқылы бақылап отыр" деген өтініш айтады күдікті.
Осының барлығын жасап болған соң, Бишімбаев тез қайтуды талап етіп, келген бойда қарны ашқанын айтып, сағат 16:20-да тамаққа тапсырыс берген. Олар мейрамхананың жалпы бөлмесінде бірге тамақтанады. Тамақтың соңында Бишімбаев ағасынан Нүкеноваға қарау үшін кабинаға баруын өтінген, сонда оның қорылдауын қойғанын байқаған.
Ол жедел жәрдем шақыру керек екенін айтты, бірақ «ол ұйықтап жатыр» деген жауап алды. Бұл сағат 16.35 еді.
"16:40 Бишімбаев оны кабинетіне қайта шақырып, әйелдің тамыр соғысын тексеруді сұраған.
Ағасы тамыр соғысын тексергеннен кейін ғана Нүкенованың өлгенін түсініп, телефонынан жедел жәрдем шақырған.
Таңғы 7-де ұрып құлатты, 12 сағат көз алдында қорылдап қиналды, кешкі 7-де скорый шақырған", – деп жазды журналист.
Ол ашық ақпарат көздеріне сілтеме жасайды.