Жалпы, республикада 12 мыңнан астам, ал Жамбыл облысында 1 600-ден астам қызылша ауруы тіркелді.
Қызылшамен ауырғандардың 80 пайыздан астамы екпе алмаған
968
оқылды

Жамбыл облысында қызылшамен ауырғандардың 80%-дан астамы екпе алмаған, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

38 мыңнан астам бүлдіршінге жұқпалы бөртпеге қарсы жоспарлы вакцинация жүргізілді.

Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, вакцинация статусына қарамастан, 6-дан 11 айға дейінгі 2-4 жас аралығындағы балалар және егілмеген медицина қызметкерлері қызылшаға қарсы 1 екпе алмақ.

"Екпе алғандарда жағымсыз реакциялар байқалған жоқ. Осы қараша айынан бастап екі ай бойы өңірде қосымша иммундау жүргізіледі. Қызылшаға қарсы Үндістанда өндірілген ККП вакцинасы (қызылша-қызамық-паротит) егілуде", - дейді Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова.

Эпидемиолог мамандардың айтуынша, өңірде тіркелген жұқпалардың 80 пайыздан астамы вакцинацияланбаған балалар екені анықталған.