Полиция департаментінің Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімі және Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз балық аулағандарды құрықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бекірені заңсыз сатып-алу, сату, тасымалдаумен айналысып жүрген 1997 жылғы қала тұрғынын ұстады.
Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына тінту кезінде жалпы салмағы 282,5 келі болатын 76 бекіре тұқымдас балығы тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА