«Қазгидромет» синоптиктері 13 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуі әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады.
Синоптиктердің болжамы бойынша жауын-шашын, елдің оңтүстік шығысы мен шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.
Антициклон сілемі бар Қазақстанның батыс өңірлерінде ғана негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.