Алкоголь ішкен адамның өзіне де, басқаларға да қауіпсіз болуына көмектесетін тағы бір көмекші құрал пайда болды. Смартфонға орнатылған қосымша арқылы адамның қаншалықты мас болғанын анықтайтын тәсіл туралы Newatlas.com сайты жазды. Aikyn.kz осы материалға сүйене отырып ғалымдардың жаңалығының жұмыс істеу қағидасын түсіндіреді.
Фото Legion-media.ru сайтынан алынды. Авторы: 123RF
Қолданушының дауысын пассивті бақылай отырып (тыңдай отырып), смартфондар адамдарды мас болудан сақтайтын ең жақын досына айналатын болды. Мейрамханаға караоке кешіне барған кез келген адам бірнеше бокал ішімдіктен кейін дауысының қалай өзгеретінін біледі. Ғалымдар бұл дауыстық өзгерістерді талдау адамның қаншалықты масайғанын анықтаудың таңғаларлық жақсы тәсілі екенін дәлелдеген.
Қазір Стэнфорд медицина университетінің және Торонто университетінің зерттеушілері адамның мастық деңгейі туралы жылдам кері байланыс жасаудың жаңа әдісін таптық деп санайды. Олар шағын зерттеу жүргізіп, 18 ересек адамның әрқайсысына дене салмағына қарай алкоголь дозасын береді. Сондай-ақ олардан 50-60 см қашықтықта тұрған смартфонға жаңылтпаш оқып жаздыру ұсынылады.
Осылайша экспериментке қатысушыға алкоголь ішкенге дейін, алкогольдің дозасы өскен сайын әр сағатта сол мәтінді қайталап оқытады. Жеті сағаттық зерттеу барысында олардың қандағы алкоголь деңгейі де әр 30 минут сайын бақыланып отырған.
Мына видеода жол сақшысы мен көлік жүргізушілерінің арасында болуы мүмкін диалогтардан да алкоголь деңгейін анықтауға болар еді:
Ғалымдар дауыстық жазбаларды бір секундтық интервалдарға бөліп, дыбыс деңгейі мен жиілігі сияқты көрсеткіштерді қолданып талдаған. Деректер базасы жасалғаннан кейін, зерттеушілер оның 98% жағдайда мас болу деңгейін дәл болжай алатынын анықтаған.
«Біздің модельдің дәлдігі мені таңғалдырды. Алкогольді мас болу кезінде сөйлеу сипаттамаларының өзгеруін анықтауды біз алғаш болып ойлап таппасақ та, сигналдарды өңдеу, акустикалық талдау және машиналық оқытудағы озық жетістіктерді пайдаланудың арқасында біздің талауымыздың жоғары дәлдігіне сенімдімін», – дейді Стэнфордтың жедел медицина кафедрасының жетекші зерттеушісі Брайан Суффолетто.
Зерттеушілер енді өз жүйесін смартфондарға қосу арқылы пайдаланушылардың мас болу деңгейін бақылайтын және тым мас күйінде көлік жүргізуге болмайтын ескертулер жіберетін тәсіл болуы мүмкін деп санайды.