Тергеуді ҚР Ішкі істер министрлігі ерекше бақылауға алды.
Талдықорғанда полиция бөлімінің бастығы әйел адамды зорлады деген күдікпен ұсталды
766
оқылды

Талдықорған қалалық ішкі істер басқармасының лаузымды басшысы әйел зорлады деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаменті хабарлады.

«Талдықорған қалалық полициясының бастығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасалған адам зорлау ісі) бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген өңірлік ПД хабарламасында.

Істің мән-жайы сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қажетті сараптамалар тағайындау арқылы зерделенеді.

«Қылмыстық істі тергеуді ҚР Ішкі істер министрлігі ерекше бақылауға алды», – делінген ПД хабарламасында.