«Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң жобасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған ережелер қарастырылған. Аталған құжатты Мәжілісте Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл таныстырды.
Мемлекеттік сатып алуға қатыса алмайды
569
оқылды

«Мемлекеттік сатып алуды жү­зеге асыру қағидат­тарының қатарын­да сыбайлас жем­қорлық құқық бұзу әре­кеттеріне, мүдделер қақтығысына жол бермеу қосылды. Осы ретте, әлеуетті өнім беруші, оның басшысы немесе құ­рылтайшылары бұрын сы­байлас жем­қорлық қылмысын жасаса, онда мем­лекеттік сатып алуларға қа­тыса алмайды», – деді  Д.Кеңбейіл.

Айта кетейік, заң жобасы аясында сатып алу процесін реттеуді оңайлату және бюрократиядан арылту мақ­сатында шағымдарды қараудың жаңа тетігін енгізу, сондай-ақ бақылаушы органның рөлін қайта қарау ұсынылып отыр.