Шара Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі кинематография басқармасының қолдауымен Түркия Республикасының 100 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Түрік фильмдері апталығы бауырлас екі ел арасындағы мәдени байланыстың одан әрі нығая түсуіне, рухани өзара алмасуына үлес қосу мақсатында өткізілмекші.
Апталық аясында қала тұрғындары мен қонақтары тарихи, романтикалық және шытырман оқиғаға толы алты үздік түрік кинотуындысын тегін тамашалай алады. Олардың арасында «Көбелектің түсі», «120», «Ұзақ хикая», «Ертұғырыл 1890», «Соңғы хат» және «Қызыл орамалды шынарым» сияқты фильмдер бар.