Мәскеудегі Қазақстанның елшілігінде Екінші дүние­жүзілік соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегін тапсыру рәсімі өтті. Бұл туралы елшілік қызметі хабарлады.
Жауынгердің сүйегін елге жеткізеді
648
оқылды

Жауынгердің медальонында сақталған жазба­ның арқасында оның Қызылорда облысы Қазалы аудандық военкоматынан әскерге шақырылғаны анық­талған. 1912 жылы дүниеге келген Сейлан Мәметов 1941 жылы 7 қарашада Мәскеуді қорғау кезінде қаза та­бады. Ол 144-атқыштар дивизия­­сының 785-атқыштар полкінің құрамында соғысқан.

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев бүгінгі шара болашақ ұрпақ үшін құрбан болған жауынгерлерге тағзым екенін атап өтті. 

«Сол кездегі адамдардың ер­лігі туралы естелік қа­зақ­стан­дық­тардың жүрегінде мәңгі қалады, кітап­­тарда, әндерде, монумент­терде, мемориал­дар­да, мұражай­лар экспозицияларында және көше атау­ларында бейнеленеді, – деп атап өтті Дәурен Абаев. 

Сейлан Мәметовтің туыстары әлі табылған жоқ.  Оның сүйегі Қазақстанға жеткізіліп, әскери құрметпен жерленеді.