Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті мәліметінше, 17 қарашада еліміздің барлық мектептерінде бір мезгілде ұлттық ойындар челленджі өтеді.
Ұлттық ойындар челленджі өтеді
606
оқылды

Оқушылар «Бес табан» және «Бес асық» ойын­дарын ойнайды. Челлендждің мақсаты — білім алушыларды рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылық­тарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу.

«Ұлттық ойындар – адамға қанат бітіріп, ша­быттандыратын ғажайып сайыстар, ол ден­сау­лықтың ғана емес, өмір үйлесімділігінің кепілі. Мәселен, асық ойнау баланың жүйке-бұлшықет жүйесін шынықтырады, дүниетанымын кеңейтеді, оның шапшаң қимылдауына әсер етеді, сондай-ақ көру қабілетін жақсартады. Бұл кең көлемді республикалық акция еліміздің барлық білім беру ұйымын біріктіруге, өз елі үшін, халық құндылығы үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға, қазақ халқының мәдениеті мен тарихына қызығушылықты арттыруға бағытталған», – дейді департамент директоры Меруерт Медетбекова.

Челленджге еліміздің миллионнан астам оқу­шысы қатысады деп күтілуде.