Көлік жүргізушілері 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті. Техникалық регламент талабы осындай. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Салтанат Әзірбек айтты.
Көлікті қысқа дайындауға шақырды
735
оқылды

Спикердің сөзінше, тәртіп сақшылары  Әкімшілік кодекстің 590-бабының 5-бөлігі бойынша, қысқы уа­қытта жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушіге айыппұл салуға құқылы.

Бұл айыппұлдың ең төменгі мөлшері – 5 АЕК, егер бір жыл ішінде жүргізуші осындай заңбұзушылықты қайта жасаса, онда айыппұл 10 АЕК-ке дейін артады.

 

«Қыс таяп қалды, сондықтан 1 желтоқсаннан 1 нау­рызға дейін біздің барлық көліктеріміз қысқы резеңкеге ауысуы керек. Бұл – қауіпсіздік талаптары, өйткені ірі мегаполисте алғашқы жауын-шашыннан кейін аласапыран басталады. Оның себебі – жүргізушілер қыс мезгіліне дайын емес», – дейді Салтанат Әзірбек.

Ол жүргізушілерді алдын ала қамданып, көлікті қыс кезіне ертерек дайындауға шақырды.

Полицейлер 1 қарашада осы бағыттағы профилак­тикалық жұмысты бастады.